Заказать трек
» Maksat Rahmet - Men Kazakpyn

Maksat Rahmet - Men Kazakpyn

Maksat Rahmet - Men Kazakpyn
Музыкальная новинка: Maksat Rahmet - Men Kazakpyn. Скачайте песню в формате MP3 бесплатно и без ограничений. Качество 320 kbps, длительность 03:50, размер файла 8.78 MB.
Скачать MP3
Техническая информация
  • Слушали: 2
  • Размер: 8.78 MB
  • Длительность: 03:50
  • Качество: 320 kbps
  • Дата релиза: 14 май 2026

Текст песни

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде танысқан мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Руым көп солардың аттарындай,
Мінезім бар таулардың қатпарындай.
Жырым бар бабалар хаттарындай,
Әжімім бар бейнеттің таптарындай.
Қашан қазақ атандым мен азандап
Әлі күнге білмейсің, ей, адамзат!
Есіміме береді
Бала жасын құлпытастышұқыған кей азамат
Ару жолда, мал тер де, бала белде.
Уайым түбі теңіз ғой, бара берме!
Жігер керек, жыр керек, жалау керек
Қайрат күйі боп төгіл қаралы елге!
Бұл кім десең, мен – Қазақпын
Мың өліп, мың тірілген.
Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар!
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде танысқан мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын, қырғыз ол туысқаным,
Бірге тартқан тарланның құйысқанын,
Арамызды қарагөз бір қыз бәлкім
Бөліп берген егізге уыс нанын.
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропа да, Азия емеспін мен,
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен телі өстім мен.
Мен – Қазақпын, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім!
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!
Бұл кім десең, мен – Қазақпын
Мың өліп, мың тірілген.
Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар!